The importance of extracurricular activities in increasing the interest of studying English

2023 жылғы 27 сәуір күні сағат 10.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен №24 орта мектептің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған «The importance of extracurricular activities in increasing the interest of studying English» тақырыбында қалалық семинары өтті.

  • Семинардың мақсаты Ағылшын тілін сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытуда танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

        Семинар барысында теориялық бөлімінде Әдістемелік орталықтың әдіскері Амирова А. Б. «Learning activities in ELT», №24 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Калибасова А.К. «Developing student’s interest in learning English» тақырыбында өз шеберліктерімен бөлісті.

Іс-шара барысында №24 орта мектептің мұғалімдері ағылшын тілін оқуға қызығушылықты арттырудағы сыныптан тыс жұмыстардың маңыздылығы, оқушылардың бір бірімен нәтижелі қарым-қатынас жасау және өзара іс-қимыл жасау қабілетін дамыту, білім алушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, оқу және сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттері, ертегіні сахналау, викторина ойыны арқылы іс жүзінде қалай дамытатынын көрсетті:

 -«Snow White and Seven Dwarfs» Сәден Ф.Ғ., Калибасова А.К;

-«Cotton girl and cat» Темиржанов А.Р., Алимбаева А.Р;

-«“Shrek” shadow play» Нұрғапа А.Н., Жүнісова С.Б., Кердешова Г.Қ., Сейпілова Р.Р.;

7 сыныптарға арналған «English language marathon» Бапаева Д.А., Рахимжанова А.К.;

6 сыныптарға арналған  «The magic world of Harry Potter» Өтеш Н.М., Сембекова М.К.;

5 сыныптарға арналған «Auction “In the street”» Токанова Т.О., Досмаганбетов Н.С.

Рефлексия кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп,өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған