Lesson Study- табысты тәжірибенің  панорамасы

Астана қаласының  №38 мектеп- лицей  базасында  2023 жылғы  26 сәуір  күні «|Lesson Study- табысты тәжірибенің  панорамасы» деген тақырыпта қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінен 70-ке жуық  педагог  келіп тәжірибе алмасты. Іс-шараға    Астана қаласы, Педагогикалық шеберліктің тренері Ж.Абдраманова  қатысты.  Мектеп мұғалімдері семинар мақсатына сай тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің стратегиясы арқылы серіктес мектептермен бірлесіп кәсіби даму жолдарымен, зерттеу әдістерін қолданып жүрген мұғалімдер мен зерттеу топтарының тәжірибесін таныстырды. |Семинарда  38 мектеп ұжымымен қатар, 91, 37 мектеп  педагогтері  қатысып, кіріктірілген сабақ түрлерін көрсетті. Әдістемелік шеберханада №38 мектеп ұжымының модераторлары жыл бойы өткізіліп жатқан  зерттеу жұмыстарының нәтижесімен таныстырса, шебер сыныпта көшбасшылар зерттеу сабағының құрылымын көрсетіп тәжірибе бөлісті.

     Сонымен, мектеп мұғалімдері реттеу мен дамытудың ұтымды құралы ретінде LS топтары ұстаздарға бірлесе жоспарлау, тәжірибеде туындаған проблемаларды коучинг пен тәлімгерлік арқылы шешу, сабақ жоспарларын жақсарту үшін сабақтарды бірлесе талдау мен талқылау секілді тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын үздіксіз дамыту мүмкіндігін көрсете білді. Семинарды  Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова қорытындылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған