«Global scholars» жобасы аясында «Train your brain» зияткерлік олимпиадасы өтті

Білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық әлеуетін дамыту және экологиялық сана мен мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында 2023 жылғы 26 сәуірде «Global scholars» жобасы аясында «Train your brain» зияткерлік олимпиадасы өтті.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Олимпиада ережесіне сәйкес I (іріктеу) кезеңге 24 жұмыс қатысты, комиссия онлайн режимде «Water around us» тақырыбындағы бейнероликтерді қарастырып, іріктеу нәтижесінде II кезеңге қатысу үшін 7 мектеп жолдама алды.
Олимпиада жұмысына «Global scholars» бағдарламасын жүзеге асыратын Астана қаласының №4 «Green team», №5 «Aquamarine», №46 «Happy mates», №76 «Free Thinkers», №81 «Trail Blazers», №87 «AQ», №93 «3-M» мектептерінің 5-7 сынып оқушыларының командалары қатысты.
«Global leaders» олимпиадасының II кезеңі ағылшын тілінде өтті және 4 кезеңнен тұрды:
«Say, Hello!»- команданы таныстыру, 
«Who is faster?»- «Кім жылдам?»,  
«What? When? Where?»- «Не? Қайда? Қашан?»,
«Project work» – Жобаларды қорғау.

4 кезеңнің қорытындысы бойынша келесі командалар жүлделі орынға ие болды:
1 орын – №5 мг;
2 орын – №4 МГ;
3 орын – №46 МГ.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған