«Мектептегі құқықбұзушылық алдын алу жөніндегі менеджерлер: кәсіби қызмет және негізгі жұмыс әдістері» оқыту семинар

2023 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №59 мектеп-лицейінде «Мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлер: кәсіби қызмет және негізгі жұмыс әдістері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарды өткізудің мақсаты Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлерінің кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзыреттілігін арттыру, менеджерлерге кеңес беру  және әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.

Семинар жұмысына жалпы білім беретін мектептердің 70-тен астам құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджер қатысты. Іс-шара барысында Астана қаласы Білім басқармасының Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің маманы Хасенова Гульсум Тукеновна «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлерінің кәсіби қызметі және негізгі жұмыс әдістері» тақырыбында сөз сөйледі.  №74 мектеп-лицейінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері Бахытжан Айдарханович Ускенбековтың «Білім алушылар арасында тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алуда атқаруға ұсынылатын іс-шаралар» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

Сондай-ақ, № 2 мектеп- гимназиясының құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері Муратбекова Альмира Кенесовна «Біз өз әрекеттерімізге жауаптымыз», №30  мектеп-гимназиясының   құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері Сарсекеева Ботагоз Айсултановна «Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында сөз сөйледі.  Семинар аясында № 59 мектеп-лицейінің педагог-психологі Батталова Гульнара Алтынбековна «Қарым-қатынас дағдыларына психологиялық тренинг» өткізді.

Соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, тәжірибе алмасып, қойылған сұрақтарды талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған