ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАБАҚШАЛАРДА «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

2023 жылдың 18 сәуірі күні Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасы аясында елордалық мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтары арасында «Біз мектепке барамыз» акциясы басталды. Акция барысында мектепалды топтарының педагогтері балабақша тәрбиеленушілерін мектепке сапалы даярлауға бағытталған түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, онлайн ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетті.

«Біз мектепке барамыз» акция барысында 28 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қатысты. Педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекет барысында жаңа технологияларды пайдалана отырып, балалардың білім, білік және дағдыларын жоғары дәрежеде көрсете білді.

Іс-шараға Астана қаласының Білім басқармасы, мемлекеттік және жекеменшік  мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Акция  ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған