Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзету- дамыту жұмыстарының заманауи әдіс-тәсілдері

2023 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласы  әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  жылдық жоспарына сәйкес №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы педагогтерінің іс-тәжірибелерін тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзету- дамыту жұмыстарының  заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

 Семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіле отырып, ашық  іс-әрекеттер ұйымдастырылды. Сонымен қатар,  семинар қатысушыларын қатыстыра отырып  балабақшаның педагог-дефектологі дидактикалық ойындардың бала тілін дамытудағы тиімділігін көрсету  мақсатында   шебер-сынып өткізді. Семинар сонында, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кері байланыс жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған