«Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудың әдістемесі» қалалық семинары

2023 жылғы 20 сәуір күні сағат 15.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК сәуір айының жоспарына сәйкес қаланың ағылшын, француз, неміс тілдері пәндері педагогтеріне «Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудың әдістемесі» тақырыбында вебинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты: 9,11-сынып білім алушыларын жазбаша қорытынды аттестаттаудағы емтихан өткізу тәртібінің құрылымын түсіндіру.

 Семинардың теориялық бөлімінде спикерлер Амирова А.Б. «Ағылшын тілі» пәнінен қорытынды мемлекеттік аттестаттауға арналған тапсырма ерекшелігі, Есембаева Г. А. «Specification of Final Attestation on the subject «The English Language» for the students of Grade 9», Жаксимбетова К.К. ««Le français» pour les élèves de 9-e classe» француз тілі пәнінен, Жорова Н.В. «Abschlusszertifizierung im Fach «Deutsch» für die 9. Klass» неміс тілі пәнінен тақырыптары бойынша сөз сөйледі.

Практикалық бөлімінде мұғалімдер оқушылардың жұмысты бағалаудағы балл қою және баға беру процесін бағалауға толығырақ тоқтап, сұрақтарына жауап алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған