Балабақша психологтарымен өткізілген дөңгелек үстел

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 16 педагог-психолог қатысты.

Жұмыс барысында балабақшалардағы қызмет жұмысын дамытудың негізі- психолог маманының кәсіби құзыреттілігі, заманауи талаптарға сай іс- шаралар жоспарын жүйелі құру және оны іс жүзіне асыру ерекшеліктері талқыланды. Педагог-психологтар іс-тәжірибелерімен бөлісіп, құнды пікірлерімен, сараптамалық ізденістер мазмұнындағы ұсыныстарын ортаға салды. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог-психологтың қызметі кең және ауқымды болғандықтан қызметін жаңа бастаған мамандарға қиындық туғызатыны да белгілі, соның ішінде іс- шаралар жоспарын құруды атап айтуымызға болады. Жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде түзету тобы, ерекше білімге қажеттілігі бар балалармен және жалпы топ балаларымен жүргізілетін психологиялық жұмыстың жылдық бірегей жоспарының жобасы дайындалды. Дөңгелек үстелде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибелік психологиямен қатар, ғылыми психология саласындағы зерттеулерге де мән беруге және психологиялық қызметті жетілдіруде басқа мамандармен ынтымақтастықтың қажеттілігіне тоқталды.

Жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту мен тәрбиелеу мақсатында тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге байланысты ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысы психологиялық қызмет жұмысының жылдық жоспарының жобасын таныстырумен қорытындыланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған