SHARE халықаралық жобасы қатысушыларына арналған Кембридж университетінің профессоры Коллин Маклафлин мен зерттеуші Кейт Эванстың қатысуымен вебинарлар өтті.

2023 жылғы 24-25 сәуір аралығында SHARE халықаралық жобасы қатысушыларына арналған Кембридж университетінің профессоры Коллин Маклафлин мен зерттеуші Кейт Эванстың қатысуымен вебинарлар өтті.

Онлайн кездесу аясында келесі сұрақтар қозғалды:

  • сынып ішіндегі зерттеудің негізгі мақсаттары;
  • кейс-стади: Боттишам мектебінің тәжірибесінен мысалдар;
  • SHARE мектептерінің зерттеу аясында жинаған мәліметтері бойынша негізгі тұжырымдар.
    Вебинар аясында қатысушылар өздерінің мектеп топтары ішінде, сондай-ақ басқа мектеппен жұптасып, қаралған бейнематериалдар бойынша бақылаудың негізгі қорытындыларын талқылады.
    Сонымен қатар, мектептер білім алушыларды оқу процесіне тартуға арналған зерттеу аясында қабылданып жатқан іс-шаралармен, деректерді жинау барысында кездескен проблемалармен бөлісті.
    Тәлімгерлік сессиясының нәтижесінде мектептерге жүргізіліп жатқан зерттеулер шеңберінде ұсыныстар айтылып, үй тапсырмалары берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған