Z ҰРПАҚТЫ ҚАЛАЙ ОҚЫТАМЫЗ?

2023 жылдың 18 сәуірінде Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы «Z ұрпақты қалай оқытамыз?». Семинар  қатысушылары Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұражайына саяхат жасады. Мұражай тарихын, мазмұнын Мұражайды Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Пазылова Динара Шегендыкқызы таныстырып шықты. Мұражайдан шыққан соң, «Қолшатырдың тамшылары» әдісі арқылы топқа бөлінді. Тамшыларда ұлы ғұлама Абай, Мәшһүр, Шәкәрімнің қанатты сөздері жазылған.

Семинарды мектеп директоры Сүндетов Ғабит Насырұлы Z ұрпақты ерекшелей отырып ашып берді. Сонымен бірге әдіскер Жанар Сейдахметқызы да сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Алғашқы тапсырма визуалдарға арналған білу және түсіну деңгейіндегі берілді. Екінші аудиалдарға арналған қолдану және талдау деңгейінде, үшінші кинестетиктерге арналған салыстыру және бағалау деңгейінде берілді.

Семинар қатысушылар берілген тапсырмаларға дескрипторлары арқылы өте белсене қатыса отырып, ұтымды жауап берді. Семинар соңында бақылаушы және сарапшы ұстаздарымыз үш тапсырма бойынша жасалған іс-әрекеттерді бақылау арқылы визуал, аудиал, кенестетик ұстаздарды атап өтіп, қорытындылай кетті.

 «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы семинарға қатысушылар кері байланыс жасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған