«Сенің таңдауың» экскурсиясы

2023 жылғы 19,21 және 24 сәуірде 9 сынып оқушылары «Сенің таңдауың» экскурсиясы аясында Астана қаласының колледждеріне барды. Колледж қабырғасында болашақ талапкерлеріне, концерттік бағдарламалар, студенттер жұмыстарының көрмелері, шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, сондай-ақ оқушылар өндіріске көз жүгіртіп, тіпті түрлі бұйымдар жасау процесіне қатыса алды. Болашақ IT-мамандар өздерін нағыз бағдарламашылар сияқты сезіне алды, оқушылардың бірі ағылшын тілін қолдана алды, ал кейбіреулері электромобильдің техникалық жағын біле алды. Оқушылар осы колледжде қандай мамандықтар оқытылады, оқу құны, гранттар бөлініп жатыр ма, оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет және т. б. өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауаптар алды.

Колледждерге экскурсиялар 26 сәуірге дейін өтеді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған