Ұлттық мектеп моделіндегі құндылықтар қазынасы

2023 жылғы 15  сәуір күні №90  гимназия базасында  “Ұлттық мектеп моделіндегі құндылықтар қазынасы” атты география, химия, биология пәндері  мұғалімдерінің қалалық семинары  өтті.  Гимназия директоры Аятжан Ахметжанұлының алғыс сөзімен  семинар басталды.  Іс – шара  барысында ұлттық мектеп моделі таныстырылып, гимназия мұғалімі Динара Бауыржанқызы “Ұлттық құндылықтар негізінде жаратылыстану пәндерін оқыту” тақырыбында баяндама жасады.  Қалалық семинарда “география”, “химия”, “биология” секциялары бойынша Динара Бауыржанқызы “География пәнін оқытуда табысқа жетелейтін инстайттар”,   Жансая Сәкенқызы “Геоинфарматика негіздерін практикамен ұштастыру”, Несібелі Махатқызы “Биология есептерді шешудің оңтайлы әдістері”, Аяжан Манарбекқызы “Моноклональды антидене алу технологиясы тақырыбын меңгерудегі әдістер”, Тоқтарбай Жексенбек “Халықаралық, республикалық ғылыми жобаға оқушыны  тиімді дайындау”,  Аятжан Ахметжан “Химия пәнінен олимпиада есептерін шешу” тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісіп,  мұғалімдермен пікір алмасып, кофе брейк ұйымдастырылды. Семинар соңында “Жасыл мектеп” жобасы бойынша жылыжайдың ашлуы өтіп, Астана қаласының георгафия, химия, биология мұғалімдері жылы лебіздерін білдіріп, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған