«Академиялық жазбаның негіздері» тақырыбында қалалық семинары өтті

2023 жылғы 14 сәуір күні сағат 15.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК сәуір айының жоспарына сәйкес №75 мектеп- гимназия базасында ағылшын тілі пәнінің жас мамандарына арналған «Академиялық жазбаның негіздері» тақырыбында қалалық семинары өтті.

  • Семинардың мақсаты Оқу құралының негізгі мақсаты болып табылатын академиялық жазылым дағдысын дамыту. Семинарға 70 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

Спикерлер өз қызметінде заманауи ғылыми зерттеудің әдістері мен  жаңа формаларын сәтті қолданып, бұл бағыттағы белгілі тәжірибе мен нәтижелерге ие.

         Семинарда Әдістемелік орталықтың әдіскері Амирова Алтынай Бекпаевна  «Академиялық жазбаның негіздері мен авторлық бағдарламаның талаптары» атты тақырыпта сөз сөйледі.

Семинар барысында Еуразия Ұлттық Университетінің Филология факультеті Шетел филологиясы кафедрасының филология ғылымдарының докторы, профессор Бишкенова Айгуль Ермековна «Ғылыми проект»,  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Базарбекова Жанат Ниязбаевна «Академиялық жазбаның ерекшеліктері» тақырыбында өз шеберліктерімен бөлісті.

Семинар барысында әлемдік білім беру салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үрдістерді, академиялық қарым-қатынастарды жаңаша дамытуға бағытталған құзіреттердің дәстүрлі түрі академиялық жазылымның тиімділігін айқындады. Жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдылармен танысты.

Сонымен қоса ағылшын тілі офисінің оқытушысы Огуст Гарнси кәсіби даму және шет елінің бағдарламаларына өтінім  жазу бойынша кеңес беріп өз тәжірибесімен бөлісті.

Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған