«Инклюзивті білім беру жағдайында қолданылатын кәсіби терминдер» тақырыбы бойынша арнайы педагогтерге арналған work-shop

2023 жылғы 18 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және «Indigо» гумандық педагогика және логопедия орталығының ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы педагогтеріне арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында қолданылатын кәсіби терминдер» тақырыбында work-shop өтті.

Іс-шара барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

  • «Логопедия саласының басқа маман салаларымен байланысы»;
  • «Логопедиялық диагноздарды ажырату ережесі»;
  • «Диагностика жасаудың алгоритмдері»;
  • «Артикуляциялық жаттығулардың дұрыс жасалуы және логопедиялық формуланың дұрыс қолданылуы»;
  • «Таным, түсінік процесімен жұмыс».

Логопедиялық сабақта сенсориканы, сенсоматорлы жұмыстарды, нейрогимнастиканы, АФК (бейімделген дене шынықтыру) дұрыс пайдаланудың тиімді түрі туралы практикалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған