«Өркендеу» жобасы аясындағы эксперименттік алаң жұмысын аяқтау мақсатында 2023 жылғы 18 сәуірде №27 «Балауса» балабақшасында «Медиатехнологияларды балабақшадағы білім мен тәрбие беру үрдісінде қолдану жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинар жұмысына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 25 педагогтері мен әдіскерлері қатысты.
Семинар барысында балабақша педагогтері мен тәрбиешілері медиатехнологияларды жүзеге асыру және қолдану бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін әр түрлі формада, ертегі,тәжірибеге шолу сияқты, сонымен қатар, балалардың әртүрлі жас топтарымен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, практикада қолданылатын медиатехнологиялардың вариацияларын көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп кері байланыстарын берді.