«Қазіргі білім беру процессінде әлеуметтік педагогтің рөлі» вебинар

2023 жылғы 17 сәуір күні «Әдістемелік орталық» МКҚК жоспарына сәйкес «Қазіргі білім беру процесінде әлеуметтік педагогтің рөлі» тақырыбында Астана қаласының әлеуметтік педагогтеріне арналған вебинар өтті.

Вебинарды өткізудің мақсаты Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің әлеуметтік педагогтерінің кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзыреттілігін арттыру, әлеуметтік педагогтерге кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.

Вебинар жұмысына жалпы білім беретін мектептердің 80-нен астам әлеуметтік педагогі қатысты. Вебинар барысында №84 мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогтері Уапова Айжан Турсуновна, Шуршенова Жанар Билановна «Әлеуметтік педагогтің білім беру ұйымдарындағы қызметі» тақырыбында сөз сөйледі.

№2 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абдульманова Бикон Амангельдиновна «Әлеуметтік педагог қызметіндегі заманауи технологиялар», Астана қаласы әкімдігінің «№1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ-нің әлеуметтік педагогі Сәкенова Данагүл Бораналиқызы «ПМПК шеңберінде жалпы білім беретін ұйымдарға ұсынылатын әлеуметтік-педагогикалық ұсыныстар», Астана қаласы әкімдігінің «№1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ-нің педагог-психологы Яшова Гульжан Советхановна «Инклюзивті білім беру жағдайында ЕБҚ бар балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған