«БЕСТЕМШЕ ОЙЫНЫН ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР

«Бестемше» – әлемдік мәдениеттің озық үлгілері мен бой теңестіре алатын ойын. Бестемше ойыны – математикалық есеп ойыны. Жүрістерді алдын-ала ойлау, есептеу, қиялдау – оның негізгі өзегі.

          Инновациялық жоба барысында атқарылып жатқан жұмыстарды паш етіп, тәжірибе алмасу мақсатында Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталығы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы      Республикалық семинар өткізді.

Тақырыбы: «Бестемше ойынын үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктері»

Семинарға еліміздің аймақтарынан Бестемше ойынық тәжірибе жүзінде қолданып жүрген мамандар мен Түркия, Чехия Республикасы, Якутия сынды шетелдердің  ғалымдары аталмыш ойынның халықаралық мектептердегі даму барысына тоқталды.

Шараның ашылу салтанатында № 5 «Ақбота» және № 61 «Шолпан» балабақшалырының бүлдіршіндері көрсеткен музыкалық  композиция дүйім жұртты тәнті етті.

Семинар барысында «Бестемше», «Алаңдағы бестемше» деп аталатын ұлттық ойынды ойнатудың әдістемесі көрсетілді, шебер сыныптар өтті.

Семинар барысында келесі тақырыптарда сөз сөйленді:

  • «Бестемше ойынының халықаралық даму ерекшеліктері»

Шотаев Мақсат Есенбекұлы,  Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының бас хатшысы филология ғылымының кандидаты;

  • «Бестемше – логикалық ойын»

Хана Котинова, Мангала Федерациясының төрайымы, Чехия Республикасы;

– «Жоғарғы оқу орындарында бестемше маманын дайындау ерекшеліктері»

Қ. Дауренқұлов, доцент, Түркістан қаласы;

  • «Бестемше ойынының бала тәрбиесіндегі орны»

Исраилова Арайлым Аскарбековна, Жетісу облысы № 58 «Асыл Арман» балабақшасының меңгерушісі;

  • «Бестемше ойындарының Түркиядағы даму ерекшеліктері»

Айше Гумуш, Зерттеуші-ғалым, Түркия мемлекеті;

  • «Бестемше ойынын балабақшада дамыту ерекшеліктері»

Махашева Зағира Үйсінбаевна, Астана қаласы №61 «Шолпан» балабақшасының меңгерушісі;

  • «Якутия мектептеріндегі бестемшені дамыту жолдары»

Бочкарева Галина Алексеевна, Хамысха Федерациясының президенті,

Саха Республикасы, Ресей Федерациясы

  • «Алаңдағы бестемше»

Жолбарысова Мөлдір Айтқалиқызы,

Астана қаласы №5 «Мөлдір» балабақшасының меңгерушісі

  • «Бестемшенің магниттік тақтасы және сөйлейтін қабырға»

Сарсекеева Ғалия Сапаровна, Петропавл қаласы «Айгөлек»  балабақшасының әдіскері.

Республикалық семинарға Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бақытжан Берікбайұлы Темірболат, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрлігінің Республикалық мемлекеттік мекемесінің Балаларды ерте дамыту институтының басшысы Адамова Манар Елекеевна, Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігі Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директоры Сабитов Бақдаулет Маратұлы, ЖОО орнының ғалымдары  қатысты.  

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған