МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҮЗУ НҰСҚАУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Педагогтер қауымдастығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жүзу нұсқаушыларына арналған «Мектеп жасына дейінгі балалармен бассейнде жүзу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу»  тақырыбында қалалық семинары өтті.

Семинар мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие жұмысында жүзу нұсқаушыларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өтті.

Семинарда «Көңілді саусақтар» нейро-жаттығуы, «Су асты әлеміне саяхат» ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті көрсетілді. Сондай-ақ, «Закаливание детей в детском саду через обучения плаванию», «Жүзу және бала денсаулығы», «Баланың суға деген қорқынышын ойын арқылы жеңу» тақырыбында педагогтер өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға елордалық мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жүзу нұсқаушылары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған