ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС

Бүгін, 2023 жылғы 12 сәуірде ҚР-да Ғылым және ғылыми қызметкерлер күнін мерекелеу аясында біздің әріптесіміз, Қазақстанның педагогика ғылымдары академиясының (академигі) және бірқатар халықаралық академиялардың мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Александр Николаевич Тесленко «ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС»: оқушыларды оңтайлы әлеуметтендірудің навигаторы» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Александр Николаевич ҚР БҒМ «Юногогика: қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы жастар жұмысының теориясы мен практикасы» (2018-2020 жж.) және «Жастар жұмысы оқушы жастарды табысты әлеуметтендірудің шарты» (2022-2024 жж.) ұлттық гранттық ғылыми-зерттеу жобалары шеңберінде өзінің соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстырды. Шеберлік сынып қатысушылары жастар жұмысының авторлық тұжырымдамасымен және елорданың білім беру ұйымдарында әлеуметтік-мәдени анимация технологиясын сынақтан өткізу тәжірибесімен танысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған