Негізгі кұзіреттерді қалыптастыру арқылы табысты тұлғаны дамыту жолдарын іздеу

2023 жылғы 12 сәуірде «№46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінде «Негізгі кұзіреттерді қалыптастыру арқылы табысты тұлғаны дамыту жолдарын іздеу» тақырыбындағы эксперименттік алаң жұмысын жабу бойынша семинар өтті.  Семинарға мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың  30 педагогі қатысты.

Іс-шара барысында «Ол өзі іздеген жол, мәнгілікке ұмытылмайды», «Анатомиялық театр», «Кеудеде не соғып тұр?», «Қызықты сәттер- эксперименттер шығармашылығы», «Киіз ертегісі», «Қыш шеберханасы», «Хобби Арт», «Жас эколог» бағыттары бойынша шебер-сыныптар өткізілді.

Сонымен қатар, «Динамикалық үзіліс» аясында спорт ойындары, «Дизайнерлік бұйымдар» бағыты бойынша қатысушылар қол өнер бұйымдарын өздері жасап, оның көрсетілімі ұйымдастырылды.

Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған