2023 жылдың 11 сәуірі күні Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Сейдахметова Б.К., Давлетбаева Р.Қ. «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы аясында «Шипагер» медициналық колледжі мекемесінің педагогтеріне арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтерінің әдістемелік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы оқыту семинарын өткізді.
Семинар қатысушыларына авторлық әзірленімдерді дайындау, педагогикалық аттестацияның кезендерінің өту тәртібімен, оқытушыларға қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды ресімдеу мен жүргізу, оқу-тәрбие үрдісіне инновацияларды енгізу туралы ұсыныстар мен әр түрлі әдістемелік іс-әрекет бағыттары бойынша толық түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, Орталық әдіскерлері колледж педагогтерінің сабақтарына қатысып, жеке педагогтерге әдістемелік ұсыныстар берді. Колледж педагогтері әдістемелік көмектің өзектілігі мен уақытылы көрсетілгенін атап өтті.