Қиындық тудырған тақырыптар

Астана қаласының Әдістемелік орталығы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп оқушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жоба іске асырылуда.  Жобаны апробациялауға Астана қаласының №№ 14, 31 мектеп – гимназияларының оқушылары қатысуда. Бұл жобаға елорданың үздік педагогтары мен әдіскерлері тартылды. «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері бойынша жұмыс топтары құрылды. Әр сенбіде білім олқылықтарының орнын толтыру бойынша ZOOM-да онлайн сабақтар өткізілді.

2023 жылдың 08 сәуірінде «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері бойынша №31 мектеп-гимназия базасында офлайн форматта қосымша сабақтар өтті. Қосымша сабақтарға  197 оқушы қатысып,  оларға Астана қаласының үздік педагогтері, №14 және 31 мектеп мұғалімдері сабақ өткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған