2023 жылғы 5 сәуір күні елорданың химия пәні мұғалімдеріне «Білім сапасын арттыруда зерттеу сабағының «Lesson study» маңызы» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.
Іс-шарада Астана қаласы Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова «Lesson Study» зерттеу сабағын тиімді жоспарлау тақырыбында сөз қозғады. №8 мектеп-лицейінің директоры Г. Айтимова білім сапасын арттыру бойынша өз мектебінде жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде:
- Мұғалімнің рефлексиялық дағдысы: аналитикалық жазба жасау жолдары — Калиханова Шұғыла Ергалиевна,
- Мектептегі сабақты зерттеу үдерісі: модельдері мен практикасы — Кобельдесова Алтынай Оразбаевна және Дусчанова Алия Уринбековна,
- Мұғалімнің іс-тәжірибесінен — Хасанова Гульзира Жумагалиевна өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар ойларын қорытындылай келе маңызды іс-шараға ризашылықтары мен ұсыныстарын білдірді.