2023 жылдың 5 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті арттыру мақсатында «Мұғалімдердің студенттермен өз ара қарым – қатынасы» тақырыбында «Кәсіптік — техникалық колледж» педагогтеріне арналған семинар-тренинг өткізді. Семинарға 58 педагог қатысты.
Семинар басында «Кәсіптік — техникалық колледж» директорының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Н.С Аленова сөз сөйледі. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина студенттермен жұмыс жасаудағы педагогикалық іс-әрекет стильдерінің ерекшеліктері мен педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелі формалары туралы айтты. Өз сөзінде проблемалық жағдайларды талдауды қолдана отырып, мұғалімдер жұмысының кейбір аспектілері мен студенттермен қарым-қатынастың сындарлы формаларына толығырақ тоқталды. Сондай-ақ тәжірибеде педагогтардың білім алушылармен жұмыс істеуінің қолжетімді әдістері ретінде тренингтік жаттығуларды көрсетті.
Семинар соңында педагогтерге осы бағытта алдын-алу жұмыстарын жүзеге асыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар берілді, қатысушылар іс-шараның әдістемелік маңыздылығын атап өтіп, одан әрі әдістемелік қолдау барысында өз тілектерін білдірді.