«Ойланыңыз, ойнаңыз, дамыңыз» тренинг-практикумы

2023 жылғы 6 сәуірде Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес №8 мектеп-лицейінде «Ойланыңыз, ойнаңыз, дамыңыз» тақырыбында тренинг-практикум өтті.

Практикумның өткізудің мақсаты Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің аға вожатыйларының кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзыреттілігін арттыру, аға вожатыйларға кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.

Тренинг-практикум жұмысына жалпы білім беретін мектептердің 50-ден астам мектеп вожатыйы қатысты. Семинар аясында Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназиясының мектеп вожатыйы Жумабаева Айдана Кайратовна позитивті көзқарасты қалыптастыру бойынша «Танысу, білісу» атты тренинг өткізді №85 мектеп-лицейінің вожатыйы Суйиндикова Гулнур Жанадилқызы «Дәл солай», №3 мектеп-гимназиясының вожатыйы Данияр Әлия Ахмедияқызы «Сергіту сәті», Райымбек батыр атындағы №50 мектеп-лицейінің вожатыйы Бекболат Айгерім «Bubble bum» тақырыбында сөз сөйледі.

Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған