«Жас Дипломат» жобасы аясында кәсіби бағдар беру жұмысы

2023 жылғы 6 сәуірде «Жас Дипломат» жобасы аясында өскелең ұрпақты өз елінің тарихи мүдделерін түсіну рухында тәрбиелеу, жастардың Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеу мақсатында №№51, 37, 92, 93, 89, 81 мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды. Болашақ дипломаттар Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерімен танысып қана қоймай, сондай-ақ итальяндық суретшілердің көрмесін де тамашалауға мүмкіндікке ие болды.  

Экскурсия барысында жоба қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

Алдағы уақытта «Жас Дипломат» жобасы аясында басқа да кездесулер, семинарлар, шебер-сыныптар, оқулар жоспарлануда.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған