Мектепке дейінгі ұйымдарда  аутизм спектрінің бұзылуы бар балалармен педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні аясында 2023 жылғы   7 сәуір күні «Асыл Мирас»  аутизмі бар балаларды қолдау орталығы»  КММ-де «Мектепке дейінгі ұйымдарда  аутизм спектрінің бұзылуы бар балалармен педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – АСБ бар балалармен жұмыс жасайтын педагоктердің іс-тәжірибесін тарату.

Спикерлер семинар барысында  келесі тақырыптарды қарастырды:

• Балабақшадағы АСБ бар балалар: мәселелер және оларды шешу жолдары;

• Мектепке дейінгі жастағы АСБ бар балалардың даму ерекшеліктері;

• АСБ бар балалармен топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру;

• Ойын – АСБ бар баланың сөйлеуін дамыту тәсілі;

• АСБ бар баланың қалаусыз мінез-құлқын қалай басқаруға болады?.

Семинар соңында кері байланыс жасалып, тыңдаушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Ізгі тілектерін білдіріп  семинардан алған әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған