Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ағымдағы жылдың 04 мен 06 сәуірі аралығында №70 мектеп- лицейі базасында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагог- психологтарының екінші тобымен «Ата- аналармен психологиялық жұмыс жүргізудің инновациялық негіздері» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырып, өткізді.
Оқыту семинарына 34 педагог- психолог қатысты.
Семинардың мақсаты: психологиялық қызметте жаңа әдістерді қолдану арқылы ата-аналармен жүргізілетін жұмысты белсенділендіру.
Оқыту семинарында психологиялық сүйемелдеу бөлімінің тәжірибелі психолог-әдіскерлері, №№7,8,37,63,76,91 балабақшаларының педагог- психологтары және ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» РМК балабақшасының инклюзивті білім беру педагогы А.Жарылкапова тыңдаушылармен жұмыс жүргізді. Семинар бағдарламасына сәйкес оқыту түрлі бағытта және әртүрлі форматта өтті:
-семинар сабақтар «Қазіргі білім және тәрбие беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері», «Психологиялық қызмет мазмұны мен әдістерін жетілдіру контексінде білім сапасын арттыру»,
«Ерекше білімгі қажеттілігі бар балалармен жұмыс»;
-тәжірибелік сабақтар «Ата-аналармен жұмыста мандала-терапия әдістерін қолданудың тиімділігі», «Психологтың ата-аналармен жұмысында дәстүрлі емес әдістерді қолдануы»;
-психологиялық тренингтер «Менің баламаның ішкі әлемі», «Біз өз баламызға қаншалықты көңіл бөлеміз?» ;
-семинар -практикум «Психологтың педагогикалық ұжыммен өзара- іс-қимылы», «Педагогтардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру», «Балалардың танымдық дамуының диагностикасы» тақырыптарында өтті. Үш күндік семинар барысында тыңдаушылардың өзара тәжірибе алмасуларына, өз пікірлерін ортаға салып, талқылауларына мүмкіндіктер жасалды. Психологтың ата-анамен тиімді қарым- қатынас орната білуіне қажетті әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар таратылды.
Тыңдаушыларда балалармен жүргізетін диагностика құралдарының электронды нұсқасын жетілдіру және оны психолог қызметінде қолдану мәселесін шешуге деген ұсыныстар болды.
Семинар соңында педагог-психологтар ата-аналармен жұмыста қажетті практикалық білім алғанын және оларды тәжірибеде қолданатынын атап өтті.