«Оқушының мәдени нормативі» жобасы шеңберінде «Ұлағатты ұрпақ» жобасы бойынша отырыс

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 05 сәуір күні №81 «Astana English School мектеп-гимназиясында «Оқушының мәдени нормативі» жобасы аясында «Ұлағатты ұрпақ» жобасы бойынша отырыс өтті.

Астана қаласының 65 жалпы білім беретін мектептер (№№1, 2,3, 4,5,7, 8, 9, 10,13,14,15,16,17,18,19,20, 22,25, 26,27,28,29,30, 31, 35,37, 38, 40, 42,43,44,45,46,49,50,51, 52, 53, 54, 55, 56, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65,66,67,68,70,71,72,73,74,75,76,78,79,82,84,85) «Оқушының мәдени нормативі» жобасы енгізілді. Отырыс барысында Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Бекетаева Гульдана Ескенқызы «Оқушының мәдени нормативі» Республикалық мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын таныстырып өтті.

Жобаның мақсаты – бәсекеге қабілетті қазақстандық оқушылардың мәдени-адамгершілік қасиеттерін дамыту. Балалар мен жастарды көркем мәдениет пен өнерді зерттеуге қызықтыру, талабын ояту. Оқушыларды ұлттық мәдени құндылықтарды игеруге ынталандыру және өскелең ұрпақты мәдени жетілдіру.

Осы жоба аясында ұлттық коды жаңартылған бәсекеге қабілетті көпмәдениетті тұлғаны белсендіру үшін, қазақстандық оқушылардың 1-11 сыныптар арасында мәдени-адамгершілік қасиеттерін дамыту көзделіп отыр.

Жобада 5 өнер бағыты ұсынылған: музыка, бейнелеу өнері, театр, кино, киелі мәдениет ескерткіштері.

Әрбір бағыт бойынша ұсынылған 5 өнер бағыты бойынша қазақ және әлемдік мәдениет шығармаларын зерделеу үшін ұсынылатын тізбе ұсынылады. Оқу үшін ұсынылған шығармалардың тізіміне толықтырулар енгізуге болады.

Қазақ және әлемдік мәдениет туындыларының тізімін жасау барысында келесі өлшемдер қолданылды: таңдалған туындылардың жоғары эстетикалық, мәдени, рухани, патриоттық және көркемдік және өлкетану құндылықтарын бейнелейтін мәдени және тарихи маңызы; жалпы білім беру жүйесінің барлық пәндік бағыттарының жаңартылған мазмұнын есепке алу.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған