«Арт-терапия- мектеп жасына дейінгі балалардағы қорқыныш және мазасыздықты диагностикалау және түзету әдісі

2023 жылы 3 сәуірде #PEDAGOGIKALYQTÁJIRIBEALAŃY жобасы аясында «Арт-терапия мектеп жасына дейінгі балалардағы мазасыздықты, қорқынышты диагностикалау және түзету әдісі ретінде» тақырыбында кезекті №79 тікелей эфир өтті. Эфир спикерлері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі А.К. Исабекова және елорда балабақшаларының тәжірибелі психологтары С. Е. Сүлейменова (№63 «Әсем-Ай» балабақшасы) Г. С. Иманбекова (№30 «Қайнар» балабақшасы) сөз сөйледі. Тікелей эфирде келесі мәселелер талқыланды: балабақшадағы педагог-психологтың рөлі, арт-терапия әдістері және оны балабақшада қолдану тиімділігі, нәтижелері және т.б. А.К.Исабекова елорданың мектепке дейінгі ұйымдарының педагог-психологтарымен әдістемелік жұмыс және үздік психологиялық-педагогикалық тәжірибені жалпылау туралы айтып берді. Г. С. Иманбекова мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуде «Мандала» әдісін қолдану тәжірибесімен бөлісті. С. Е. Сүлейменова мектепке дейінгі білім беру мекемесінде психологтың жұмысында құм терапиясының мүмкіндіктері туралы айтты. Спикерлер тыңдаушылардың тікелей эфирдегі сұрақтарына жауап берді, баланың қорқынышы немесе мазасыздығы жоғарылағанын, сонымен қатар психологтар белгілі бір сигналдарды түсіну үшін ересектер неге назар аударуы керектігін айтып өтті. Ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың қорқынышы мен мазасыздығының алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған