«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» атты бірыңғай педагогикалық кеңес

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында тәрбие процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін пайдалану, қазіргі заманғы тәрбие технологияларын енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін тарату, сондай-ақ саналы ұрпақты тәрбиелеуде құндылық бағдарларын нығайту және мәдени ұлтты қалыптастыруға ерекше назар аудару мақсатында 2023 жылғы 29 наурыз күні                           Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» атты бірыңғай педагогикалық кеңес өткізді.

Пленарлық отырысқа Астана қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, әлеуметтік әріптестер, білім беру ұйымдары, ата-аналар бірлестіктері, БАҚ және шақырылған қонақтар (барлығы 1500 адам) қатысты.

Педагогикалық кеңестің қатысушылары баланың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеудегі отбасының рөлі, мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы туралы сұрақтарды талқылады.

Спикер ретінде М.Айтмағанбет, ҚР «Әкелер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, А. Абжанов, көшбасшылық және мотивация бойынша жаттықтырушы, «Жаңа ұрпақ» республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы, В. Евдокимов, «Қоғамның жаңаруы» қоғамдық бірлестігінің басшысы,                    С. Смақов, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының тәрбие бөлімінің басшысы, Қ.А. Байтажикова, Қ. Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің директоры, М.Ж. Билял, №37 мектеп-лицейінің педагогі қатысты.

Педагогикалық кеңес аясында 10 әдістемелік алаң жұмыс істеді:

– тарихи фильмдер арқылы, ұлттық рухы мен намысы биік тұлға тәрбиелеу;

– баланың бос уақытын тиімді пайдалану «Этнолагерь» жобасы;

– әлеуметтік орта қалыптастыру;

– оқушыға кәсіби бағдар беру;

– білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру. «Мектеп – тепе-теңдік мекені» жобасы;

– Мектептегі психологиялық ахуал;

– «Өркендеу» жобасы – ұлттық тәрбиенің негізі;

– ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық. «Ұлттық нақыштағы қолжазба кітапша» жобасы;

– сыныпты басқарудағы құндылыққа негізделген білім берудің маңызы;

– 46-сөз. Өз сөзім өзімдікі.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған