Бастауыш сынып оқушыларының ынтасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың рөлі

Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК   және №72 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 29-наурызында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының ынтасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың рөлі» атты қалалық семинар өткізді.

Мақсаты: қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану барысында тәжірибе алмасу.

Іс-шараға елордалық мектептердің  бастауыш сынып педагогтері қатысты.. Семинар  №72 мектеп-лицейінің директоры А.Ж. Дюсенова  және директордың бастауыштағы оқыту жөніндегі орынбасары  Г.Қ.Тажибаеваның  басшылығымен өткізілді.

Семинар 5 секциялық жұмыс түрінде жүргізілді.  Семинарға қатысушылар қалыптастырушы бағалаудың көмегімен тек оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де жұмысының тиімділігі  мен нәтижесін арттыруға болатындығын  көрді.

«Бастауыш сынып оқушыларының ынтасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың ролі» тақырыбында  өткен семинарда бастауыш сыныптардың ұстаздары өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, «Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушыларды ынталандыру» жолдары бойынша  шебер сыныптарын  көрсетті.

 Семинарға қтысқан білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері мен әдістемелік бірлестік жетекшілері кері байланыс жасап, семинардың жоғары деңгейде өткенін және ізгі тілектерін білідіріп, рақметтерін айтты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған