2023 жылдың 20 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімі» ММ бірлесе отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, кәсіби өсуіне ықпал жасау мақсатында «А. Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, талдау және насихаттау» республикалықтәжірибе алмасу семинары өтті.
Рудный қаласының Абай атындағы №18 мектепте өткен республикалық іс-тәжірибе алмасу семинарын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Жайлибаев Темурхан Бекбергенович шараның кіріспесінде қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталса, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Гүлнар Шабденовна өтетін семинардың мақсат-міндеттерімен, жоспарымен таныстырып өтті. Рудный және Астана қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ахмет Байтұрсыновтың артында қалған әдістемесін қазіргі білім беру үрдісінде қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, шебер сыныптар көрсетті.