Мұғалімнің қарым қатынас өнері: баланы қалай түсінуге болады?

2023 жылғы 24 наурызда тікелей эфирде педагогикалық PEDAGOGIKALYQTÁJIRIBEALAŃY жобасы аясында «Мұғалімнің қарым қатынас өнері: баланы қалай түсінуге болады?» тақырыбында кезекті ресми арнасында кезекті шығарылым өтті.

Эфирдің модераторы ретінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Л. Ж. Бодикова қатысты, спикерлер-№26 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, педагог – шебер, ҚР құрметті педагогі – Л. А. Шоразова, Астана қаласы Дарынды ер балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернатының биология пәні мұғалімі-Калходжаев Уалихан Нурмаханбетұлы, Астана қаласы әкімдігі «Әдістемелік орталығының» IT және баспа бөлімінің әдіскері-Ергешбаев Жұмағали Измаханұлы, Астана қаласы Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің ата-анасы Гүлім Төлеуқызы қатысты.

Эфир барысында диалог форматында келесі мәселелер талқыланды:

– пәндік олимпиадаларға дарынды баламен қарым-қатынас жасаудың педагогикалық ықпалды қалай ұйымдастырудың маңыздылығы;

– балалармен қандай қарым-қатынас позициясы қолайлы;

– мұғалімнің баламен қарым-қатынас өнерінде кәсіби біліктілікті арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кәсіби құзыреттілігін, көпмәдениеттілік құзіреттілігін қалыптастыру қаншалықты маңызды.

Эфир мазмұнды, пайдалы болды, педагогтің негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын  тәрбиелеу, оқыту, білім беру, қалыптастыру процестерінде қалай ұйымдастыруға болатыны туралы ақпарат берілді.

Тікелей эфир сілтемесі:

https://www.facebook.com/events/742993393982141?ref=newsfeed

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған