2023 жылғы 24 наурызда 50 мектеп-лицей базасында Астана қаласы бойынша кәсіби даму институты, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы педагогтері «Критериалды бағалау: жоспарлау, қолдану, нәтижелерді талдау және кері байланыс беру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
- Семинардың мақсаты Оқытудың негізі болып табылатын формативті бағалаудың тиімділігі туралы терең түсінік бере отырып, әдістемелік көмек көрсету
Қатысушылар: Елорда мектептерінің 192 педагогі
Семинар барысында «Формативті бағалау: жоспарлау, қолдану, нәтижелерді талдау және кері байланыс беру» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының кафедра меңгерушісі Хабат Мәдениет, аға оқытушылар Боранбаева Ляйля Каирбековна, Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан оқытушылармен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.