«Қазіргі педагогтің оң имиджі» тақырыбында семинар-тренинг

Астана қаласы  әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері 2023 жылғы 20 наурыз күні  білім беру ұйымдары педагогтерінің психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында «Қазіргі педагогтің оң имиджі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинарға Астана қаласы білім беру ұйымдарының 4 ауданынан  302 педагог қатысты.

        Семинар басында әдіскерлер педагогтердің «Имидж» ұғымы туралы білімдерін жалпылау, оның компоненттерін талдау жөнінде  баяндама жасады.

Педагогтердің жан-жақты мүмкіндіктерін ашу, өздерін кәсіби маман ретінде бағалауға мүмкіндік беру (өзін-өзі бағалауды көтеру) мақсатында әр түрлі жаттығулар жүргізілді.Сонымен қатар педагог пен оқушы арасында болып тұратын әр түрлі жағдайлардың шешімін табып, педагогикалық шеберлігін көрсету барысында  әдіскерлер кейс өткізді.

       Семинар соңында педагогтермен кері байланыс жасалды.  Өмірлік көзқарасты өзгертіп, оң имидж игеруге байланысты практикалық ұсынымдар берілді. Қатысушылар іс-шараның әдістемелік маңыздылығын  атап өтіп, алдағы кездесулер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған