Әр түрлі іс-шаралар арқылы балалардың көркемдік-эстетикалық қабылдауын дамыту

       2023 жылғы 15 наурызда №87 «Қадыр» балабақшасында көркем-эстетикалық тәрбие, табиғат сұлулығымен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы балалардың сөйлеуін дамыту мақсатында «Әр түрлі іс-шаралар арқылы балалардың көркемдік-эстетикалық қабылдауын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

      Көркемдік-эстетикалық тәрбие мен білім беруде балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, жаңартылған технологияларда кеңінен қолдануға, баланың зерттеу қабілеттерін арттыруға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, еңбекке баулуға бағытталған ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетілді.

      «Сиқырлы гномдар» ересек тобының интерактивті ұйымдастырылған іс-әрекетінде қабырғаға сурет салу, мүсіндеу, желімдеу арқылы ертегі құрастырылды және жинақталды.

       5 жасар Айзараның «Көктемгі оқиға» авторлық ертегісі бойынша мектепалды даярлық тобының қатысуымен театрландырылған қойылым көрсетілді.

        Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беруді зерттеуде Еуропа елдерінің салыстырмалы талдауының нәтижелері бар ғылыми презентация ұсынылды «Мектепке дейінгі білім беруді дамыту: зерттеулер не дейді?».

      «Реджио жобасының балалардың көркемдік-эстетикалық дамуына әсері» тақырыбы бойынша педагогтармен тәжірибеде жұмыс тәжірибесін игеру бойынша шебер-сынып өткізілді. Реджио әдісінің мүмкіндіктері көрсетілген, әдісті қолданудың артықшылықтары анықталған.

    «Көктем үні» қолдан жасалған музыкалық аспаптар оркестрінде өнер көрсеткен балалар өздерінің таланттарымен таң қалдырды.

       Семинарға 25 балабақша меңгерушілері мен педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған