Арнайы жас мамандарға арналған оқыту семинар өтті

2023 жылғы 16 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сай  ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас мамандары мен жас психологтеріне арналған  «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының заманауи  әдіс-тәсілдері мен технологиялары» тақырыбында  оқыту семинары өтті.

Семинар барысында:

  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдері;
  • Ертегі терапиясын психологиялық-педагогикалық  түзету әдісінде қолдану;
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарында PERS – ті қолданудың маңыздылығы;
  • Балабақшадағы баланың сөйлеу тілін түзетудегі заманауи тәсілдері;
  •  «QUEST» технологиясы мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді түрі туралы оқыту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, семинар  қатысушыларымен «Көңілі көтеріңкі маманның- еңбегі де жемісті, «Жалғыз аяқ жол» тақырыбында тренингтер өткізілді.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

One comment

  1. Жас мамандарға тәжірибе тарату үшін ұйымдастырылған керемет іс-шара екен. Тәжірибелі мамандардың өзіне білімін жаңарту, технологияны игеруге тиімді болды деп ойлаймын.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған