Пән мұғалімдерінің күрделі тақырыптар бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту

Астана қаласы   Әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен  2023 жылғы  11 қаңтар күні №73 мектеп-лицей базасында химия пәні педагогтеріне «Пән мұғалімдерінің күрделі тақырыптар бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту»  қалалық оқыту семинары өтті.

Қалалық оқыту семинарында Орталықтың әдіскері Ш.Шакирова сөз сөйлеп,  семинардың  мақсаты мен бағдарламасымен таныстырды.

№73 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Өмірзақ Қанат «Химия пәнінен 10-11 сыныптардағы   күрделі тақырыптарды меңгерту  жолдары және қиындық туғызатын есептердің шығару жолдарына тоқталды. Жоғары көлік және коммуникация колледжінің педагог-психологы Универ Ғылым Универқызы

 «Өзімізді өзіміз үшін сақтайық» тренинг өткізді. Семинар соңында қатысушылар өз ойлары мен бөлісіп, кері байланыс берді.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *