Сапалы  кәсіби кадрларды дайындау және әлеуметтік  серіктестік

2023 жылы 23 мамыр күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің базасында «Сапалы  кәсіби кадрларды дайындау және әлеуметтік  серіктестік» такырыбында  Астана қаласы кәсiпорындарының әлеуметтiк және  Өзбекстан Республикасынiң  серіктестері қатысуымен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Астана қаласы колледждердің арнайы пәндер  оқытушылар  мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған семинар – практикум өтті.

         Семинарда Әдістемелік орталығының ТжКББ бөлімінің әдіскері
Н. С.Исина құттықтау сөз сөйлеп, елорда колледждеріндегі әлеуметтік әріптестіктің бүгінгі жай-күйіне тоқталды, Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің оқу — өндірістік жұмысы жөніндегі директоры С.О.Суюдыкова іскерлік қарым-қатынас орнату және жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.

         Семинардың практикалық кезенінде Өзбекстан Республикасы  Самарқанд  туризм  және мәдени мұра  техникумның  арнайы пәндер Курбанова Дилафруз Сухробовна мен Гафарова Махфуза  Болтаевна және «Акma Fresh»   ЖШС директоры Туланова Акмарал Вахабовна «Корпусты кәмпиттер мен шоколадтар» шебер-сынып көрсетті. Шебер-сыныпта қатысушыларға қолдан жасалған эксклюзивті кәмпіттер мен сыйлық шоколадын жасауды үйретті. Іс-шара соңында қатысушылар шоколад өнімдерінің рецептерін, дәмі сәйкес келетін есеп ерекшеліктері мен , кондитерлік өнімдердің құпияларымен бөлісті, сонымен қатар семинардың пайдалылығы туралы өз пікірлерін білдірді.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *