2025 жылы 25 ақпан күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Сейтахмет ұйымдастыруымен оқушылардың білімін жан-жақты бағалау үшін жаңа әдіс-тәсілдер мен дидактикалық материалдарды қолдану, шығармашылық жұмыстар арқылы білімін тексеру жолдарын көрсете отырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «9-сынып оқушыларын «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінен қорытынды аттестаттауға дайындау жолдары» әдістемелік вебинар өтті.
Вебинарда Акшолакова Лязат Кызыркеновна, Макишева Тлеухор Куанышовна «9-сынып пән мұғалімдерін жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы бойынша қорытынды аттестаттау ережесі (қазақ тілі, қазақ әдебиеті)», Архамбекова Майя Кусаиновна «Эссе жазудың талаптары мен құрылымы», Каражигитова Бағдат Омирбековна «Жабық тапсырмалар құрастыру және оған қойылатын талаптар», Керимова Гулжазира Есенбековна «Әңгіме жазуда нені ескеруіміз керек?», Берекетова Гульнар Каманбековна «Ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты мұғалімге арналған ұсыныстар» Касимова Гульжан Бозжигитовна «Мақала жазу және оның ерекшеліктері» Есильбаева Улболсын Ахметоллаевна «Бағалау үшін тапсырмалар құрастыру және сараптама жасау» тақырыптары бойынша жаңа технологиялар мен инновациялық әдістерді тиімді қолданудың маңыздылығын атап өтіп, оқушыларды қорытынды аттестаттауға сапалы түрде дайындаудың жолдарын көрсетті.