Педагогтің үздіксіз білім алу мүмкіндігі

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК   жұмыс жоспарына сәйкес,   2025  жылғы 12 мамыр күні қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Педагогтің үздіксіз білім алу мүмкіндігі» тақырыбында әдістемелік  сағат өтті. 

            Іс-шараны ұйымдастырудың басты мақсаты – педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, үздіксіз білім алуға бағытталған тиімді тәсілдерді насихаттау және білім беру сапасын арттыру. 

          Вебинар барысында №1 өнер мектебінің концертмейстері Тащанова Венера Турановна, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының домбыра үйірмесінің педагогы Бекжігітова Гүлшахар Сайдалықызы, №1 балалар музыка мектебінің фортепиано сыныбының педагогы Маулетова Айман Ахметжановна, №1 балалар музыка мектебінің музыка теориясы және хор сыныбының педагогы Имухамбетова Айнур Мерекеевна   педагогтердің кәсіби даму жолдары, үздіксіз білім алу   және заманауи білім беру үрдістеріне бейімделу мәселелері бойынша   тәжірибе алмасып,  педагогикалық құзыреттілікті арттырудың тиімді әдістерімен  бөлісті.  

               Қатысушылармен   педагогтің үздіксіз білім алуы — тек кәсіби міндет емес, сонымен қатар жеке дамудың да маңызды бөлігі екендігі талқыланды. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *