2025 жылдың 29 қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Үздіксіз білім беру бөлімнің жоспарына сәйкес «2025 жылға арналған тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру жоспары» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты – қосымша, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарында 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының өту тәртібі және білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыру жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселелерімен таныстыру.
Вебинарға қосымша, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының директордың бейіндік жұмысы бойынша орынбасарлары мен әдіскерлер қатысты.
Вебинар барысында қатысушылар қосымша, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарында 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс негізіндегі педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының жоспары мен өту тәртібімен танысты. Сонымен қатар, қатысушыларға 2024 жылы өткен біліктілікті арттыру курстары бойынша сараптамалық есеп ұсынылып, білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыру жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Вебинар соңында педагогтер онлайн сауалнамаға қатысып, іс-шараның өзектілігі мен қажеттілігін атады.
Іс-шараға 27 педагог қатысты.