Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 28 сәуір күні тәрбие және қосымша білім беру бөлімі №2 Өнер мектебінің педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.
. Әдістемелік күн аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесінде жүргізілуі тиісті құжаттар зерделенді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы бойынша педагогтерді аттестаттау талаптарын орындауға бағытталған әдістемелік ұсынымдар берілді.