Астана қаласы Білім басқармасының 2023 жылғы 23 қаңтардағы №7 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекетік аттестаттаудан өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету және зерделеу мақсатында 2023 жылғы 07 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері №29 орта мектепте әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
Әдістемелік көмек көрсету барысында оқу-әдістемелік жұмыс, нормативтік-құқықтық құжаттар, ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме, білім алушылардың білім сапасын бағалау бойынша аталған мектептің құжаттары зерделеніп, ұсыныстар берілді.