«Үздік тәрбие жұмысы» және «Үздік сынып сағаты» байқауларының марапаттау салтанаты өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектептердегі тәрбие жұмысының сапасын арттыру, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының кәсіби, шығармашылық деңгейін көтеру, сынып жетекшілерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы үздік сынып сағаттарының тәрбиелік, рухани-адамгершілік, патриоттық мазмұнын арттыру мақсатында «Үздік тәрбие жұмысы» және «Үздік сынып сағаты» байқауларын ұйымдастырып өткізді. Байқаулар екі кезеңнен тұрды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында А. Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясында байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатты өтті

«Үздік тәрбие жұмысы» байқауының жеңімпаздары:

1. Тулбакан Еркин, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы, директордың тәбие ісі жөніндегі орынбасары, Гран-при номинациясы;

2. Оналбаева Гулнар Беркаевна, Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 1-орын;

3. Ускенбаева Гулжан Алтынбековна, М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2-орын;

4. Дауталиева Айкерим Агзамовна, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2-орын;

5. Киянатов Алиби Талгатович, Д.Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 3-орын;

6. Зейнел Гулия, №29 орта мектеп, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 3-орын.

«Үздік сынып сағаты» байқауының жеңімпаздары:

1. Біржанқызы Әйгерім Абай, Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 7 «Д» сынып жетекшісі, Гран-при;

2. Байбосын Алима Мұсағалиқызы, №93 мектеп-лицейі, математика пәні мұғалімі, 6 «ә» сынып жетекшісі,1-орын;

3. Жылқайдарова Фариза Махмутқызы, М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 8 «ә» сынып жетекшісі, 2-орын;

4. Гольцман Юлия Петровна, №104 орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі, 2-орын;

5. Боранбаева Толкын Туяковна, Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия, бастауыш сынып мұғалімі, 3-орын;

6. Заманбекова Райгул Кабитхановна, А. Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі, математика пәні мұғалімі, 7 «д» сынып жетекшісі, 3-орын;

7. Канжашова Айнур Жанибековна, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, география пәні мұғалімі, 7 «с» сынып жетекшісі, 3-орын.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *