«Қосымша білім беру ұйымдарында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту» қалалық шеберлік сыныбы

2023 жылғы 14 сәуірде «Әдістемелік орталық» МКҚК жоспарына сәйкес Техникалық шығармашылық орталығында «Қосымша білім беру ұйымдарында балалардың  техникалық шығармашылығын дамыту» тақырыбында қосымша білім беру педагогтеріне арналған қалалық шеберлік сыныбы өтті.

Шеберлік сынып қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

Педагогтерге арналған шеберлік сыныптың мақсаты: педагогтердің өзара кәсіби қарым-қатынас орнатуы, өзін-өзі жетілдіруі және шығармашылық әлеуетінің дамуын ынталандыру үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

— педагогтердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру;

— озық педагогикалық тәжірибені тарату;

— оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын енгізу.

Семинар жұмысына Астана қаласының қосымша білім беру ұйымдарының 25 педагогі қатысты.

Техникалық шығармашылық орталығының педагогтері келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар көрсетті:

— «Ұшақ моделіне арналған пропеллер жасау» — Абдрашитов Канат Абдрахманович, «Әуемоделдеу»  үйірмесінің жетекшісі;

— «Көлік дөңгелектерін жасау» — Байдельдинов Асан Хамитович, «Автомоделдеу» үйірмесінің жетекшісі;

— «Сызықтық рельефті сурет» — Ахметжанов Мухаметкан Малгаждарович, «Жас рационализатор» үйірмесінің жетекшісі;

— «Үй макеттеріне әртүрлі ағаш құрылымын жасау жолдары» — Айбеков Канат Ахметсапиевич, «Автомоделдеу» үйірмесінің жетекшісі;

— «Акварель бояуымен дымқыл жазу» — Тусипханов Ерлан Кенесбекович, «Жас конструктор» үйірмесінің жетекшісі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *