Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, әдіскер Жанар Сейтахмттің сүйемелдеуімен 30 қараша күні №72 мектеп-лицейінде «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Бүкілодақтық Крупская медалінің, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Моңғол Халық Республикасының «Даңқты ұстаз» атағының иегері, АҚШ-тың Аризона штаты, Тусон қаласының құрметті азаматы, Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның (1945-2014 жж) 80 жылдық мерейтойына орай Бітібаеваның әдістемесін қолдана отырып, үлгілік оқу бағдарламасына сай қазақ әдебиеті пәнін оқытуда құндылық бағдарлы оқыту мәселелерін қарастыру мақсатында «Қ. Бітібаеваның әдістемесі және қазақ әдебиетін құндылық бағдарлы оқыту мәселелері» республикалық ғылыми- әдістемелік семинар өтті.
Семинарға Қ. Бітібаеваның шәкірттері, ЖОО оқытушы-профессорлары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зертхана филиалдары, «Қ. Бітібаева әдістемесі» шығармашылық топ мүшелері, Қалалық «Өзгерістен ізденіске дейін» шығармашылық топ мүшелері және Астана қаласы бойынша орта білім беру ұйымдарының 150 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар бағыттары:
І кезең: «Ұстаз еңбектері сөйлейді» LED экранда таныстыру көрмесі ІІ кезең: «Зерттеу алаңы» постер қорғау көрмесі
ІІІ кезең: «Жадымда тұрар жаңғырып…» пленарлық отырыс
ІV кезең: «Қ. Бітібаева әдістемесі» тәжірибелік-әдістемелік жұмыс алаңы
Шақырылған қонақтар:
- Баттал Роза Мұхаметжанқызы – ҚР Білім және ғылым министрлігінің еңбек ардагері;
- Бимендина Асима Темкеновна – Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі;
- Картаева Айжан Маратбекқызы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы;
- Мукашева Меруерт Козыкановна – Қ. Бітібаеваның республикалық ғылыми- әдістемелік зертханасының жетекшісі, PhD, шебер педагог;
- Төлеуханова Күліш Төлеуханқызы – ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі, ҚР ОАМ
«Ы.Алтынсарин төсбелгісі» иегері, ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;
- Аханова Бакытжан Омаргалиевна – ШҚО білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша ББ «Балалар музыка мектебі» КМҚК директоры;
- Бітібаева Бақытгүл Омарғалиқызы – Өскемен қаласы ДБА Жамбыл атындағы МГИ директордың ҒӘЖЖ орынбасары;
- Меңдібаева Салтанат Әблахатовна – ФМБ НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, шебер педагог;
- Байшагирова Аманкуль Примжаровна – «Үздік ұстаз-2013» жеңімпазы,
«Қазақ тілі» (5,8-сыныптар) оқулығының авторы, «Riviera International School by Quantum» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.