2023 жылдың 21 сәуір күні №64 мектеп-лицейінде «Қ.Бітібаева әдістемесінің өміршеңдігі» атты қалалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ж. Маманова, №64, №72 мектеп-лицейіндегі ғылыми-әдістемелік зертхана мұғалімдері ұйымдастырды. Дәуірдің дара ұстазы, Қазақтың Қанипасы атанған ардақты ұстаз Бітібаева Қанипа Омарғалиқызына арналған дөңгелек үстел мақсаты: қазақ әдебиетін оқытуда ұстаз технологиясын жаңа білім мазмұнымен ұштастыра қолданып жүрген педагогтердің іс-тәжірибесін тарату, ұстаздың әдебиетті оқытудағы ерен еңбектерін насихаттау болды. Іс-шараға қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және ЕҰУ педагогика ғылымының докторы, профессор Шынар Қапантайқызы Құрманбаева Шынар Қапантайқызы Құрманбаева , журналист және PR маманы, ментор Задабек Айна Задабекқызы сынды ұстаздың шәкірттері қатысты.
Дөңгелек үстел үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде – шараның ашылуы мектебіміздегі Ұстаз атына берілген зертхана бөлімшесінде басталды. Екінші бөлімде – Қ. Бітібаеваның оқыту технологиясын негізге ала отырып, ұстаздар тәжірибесінен баяндамалар ұсынылды. Семинардың үшінші бөлімде «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ж. Маманова Бітібаева технологиясына негізделген шебер-сабақ өткізу, Бітібаеваның әдістемесімен жұмыс жасайтын шығармашылық топ құру мәселелеріне тоқталды. Дөңгелек үстелге жиналған ұстаздар қауымы өзара пікір бөлісіп, болашаққа бағыт-бағдар алып, жақсы көңіл күймен тарқасты.