2023 жылдың 2 маусым күні Кәсіптік-техникалық колледжінің «Әлеуметтік серіктестер ресурстарын пайдалана отырып, қолданбалы құзыреттерді меңгеру» инновациялық жобаны жүзеге асыру аясында «Өндірістік оқыту сабақтарында
заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану» семинар- практикум өтті.
Өткізу мақсаты: Кәсіптік-техникалық колледжі мен Сервис және туризм колледжі педагогтерінің кәсіптік оқыту сабақтарында қолданбалы құзыреттіліктерді жетілдірудегі озық тәжірибелерін көрсету.
Семинарға колледждердің техникалық бағыттағы өндірістік оқыту шеберлері, Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушылары шақырылды.
Іс-шарада Кәсіптік-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Мейрамбаев А.С., Нечитайлов Қ.А., Садвокасов Е.А., Ахметов Қ.О. автокөлік диагностикасында заманауи электронды жабдықтарды қолдану бойынша оқыту шебер-сыныбын көрсетті.
Сервис және туризм колледжінің педагогтері А.С. Сергазина және
Е. Хисаа автомобиль көлігіне қызмет қөрсету проблемаларды анықтау бойынша оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын көрсетті. Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскерлерлері Р.А. Шаяханова және Н.С. Исина ТжКББ-де инновациялық жобаларды енгізу бойынша баяндама жасады.
Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары шеберлік-сыныптың практикалық бөлігіне қатысты және кәсіптік бағдар беру үшін колледжге экскурсиялар ұйымдастырылды.